АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Көктөбедегі аттракционда құлаған жасөспірімнің видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан «Рогатка» аттракционынан баланың құлап кеткенін көруге болады.
Бұған дейін, 13 жастағы баланың батуттан құлап жарақат алғаны туралы жазған болатынбыз.
«Науқасты жедел жәрдем қызметі Алматы қалалық балаларға жедел медициналық қызмет көрсету орталығына жеткізді. Дәрігерлер қарап, қажетті медициналық көмекті толығымен алып жатыр. Баланың жағдайы бірқалыпты», - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасындағылар.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.