Әлеуметтік желілердегі қандай смс-тер мен хабарламалар қарым-қатынастың бұзылуына әсер етеді

АСТАНА. 2 қараша. ҚазАқпарат - Мәтіндік хабарлама арқылы маңызды әңгімелер жазып, пікірталастар туғызып, кешірім сұраудың қажеті жоқ. Бұл қарым-қатынасқа кері әсер етуі мүмкін. Мұндай шешімді жаңа зерттеудің нәтижесінде американдық ғалымдар шығарып отыр.

Олардың зерттеулерінің нәтижелері Journal of Couple and Relationship Therfpy журналында жарияланған. Бригама Янга универсиетінің зерттеушілері тәжірибеге қатысуға 18 бен 25 жас аралығындағы 276 адамды шақырған. Олардың жартысына жуығының басы бос емес болса, 40 пайызы тығыз қарым-қатынастағы адамдар, ал 16 пайызы үйленгендер. Барлық қатысушылар онлайн-сауалнаманы толтырып, онда мәтіндік хабарламаларды қаншалықты жиі жазатынын және ол үшін қандай технологияларды қолдананын көрсеткен.

Сонымен қатар, ғалымдар әлеуметтік желілерде хатты не үшін жазатынын атауды сұрады. Ол үшін олар екі жауап ұсынды. Оның бірі - өз сезімін білдіру, екіншісі - ұнамсыз нәрселерді жазып, әңгімелесушінің жанын жаралау немесе маңызды мәселелерді шешу. Сонымен қатар, ерік білдірушілер өздерінің қарым-қатынастарына қаншалықты көңілдері толатынына баға берді.

Нәтижесінде негізгі үш шешім шығарылды:

- әйел адамдар үшін кешірім сұрау, келіспеушілікті талқылау және мәселелерді хабарламалар арқылы шешу қарым-қатаныстың ойдағыдай еместігін көрсетеді;

- ер адамдар үшін хабарламалармен жиі алмасу қарым-қанытастың ойдағыдай еместігін білдірсе;

- барлығы үшін мәтіндік хабарламалар арқылы өз сезімін білдіру қарым-қатынасты нығайта түсуге сеп болады.

Бұдан шығатын қорытынды: егер әңгімелесуші адамға жазатын жағымды әңгімеңіз болмаса, ештеңе жазудың қажеті жоқ. Одан да оны кездесу барысында айтқан жөн.