Апта ішінде пияздың бағасы 4,3%-ға, сәбіздің — 2,8%-ға, алманың — 2,5%-ға, қиярдың — 1,3%-ға, картоптың — 0,9%-ға, қант пен тауық етінің бағасы 0,5%-ға, сүйекті сиыр етінің бағасы 0,4%-ға төмендеді.
Есепті аптада қой етінің, тауықтың, сүзбенің және қырыққабаттың бағалары өзгеріссіз қалды.
Өңірлер бөлінісінде еліміздің бірқатар қаласында дефляциялық динамика байқалды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының жалпы деңгейі бір апта ішінде Қарағандыда 0,4%-ға, Ақтөбе мен Жезқазғанда — 0,2%-ға, Түркістанда — 0,1%-ға төмендеді.
Астана, Алматы, Көкшетау, Шымкент, Қонаев, Павлодар және Семей қалаларында бағалар алдыңғы апта деңгейінде сақталды.
Республика бойынша пияздың орташа бағасы килограмына 142 теңге, бұл ретте ең төмен баға Талдықорған қаласында — килограмына 107 теңге тіркелді.
Ел бойынша сәбіздің орташа бағасы килограмына 215 теңге, бұл ретте ең төмен баға Павлодар қаласында — килограмына 140 теңге тіркелді.
Республика бойынша алманың орташа бағасы килограмына 727 теңге. Ең төмен бағалар Шымкент қаласында — килограмына 554 теңге деңгейінде тіркелді.
Қызанақтың республика бойынша орташа бағасы килограмына 668 теңгені құрады. Ең төмен бағалар Тараз қаласында — 412 теңге және Түркістан қаласында — 416 теңге деңгейінде тіркелді.