— Пайдаланушы өзіне ыңғайлы тәсілді өзі таңдайды. QR арқылы қол қою жаңа мүмкіндігі ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаларға беруге байланысты тәуекелдерді азайтып, қызметтердің қауіпсіздігін арттырады, — делінген хабарламада.
Тағы бір жаңалық — тауарды SMS-код арқылы растау. Жеткізу кезінде немесе тауарды өзіңіз алып кеткен жағдайда алушының ұялы телефонына бір реттік SMS-код жіберіледі. Код расталғаннан кейін тапсырыс автоматты түрде «Орындалды»мәртебесіне өтеді. Бұл тауарды алу процесінің ашықтығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
— Aleumet порталында техникалық оңалту құралдарын алушыларға арналған онлайн-сауалнама іске қосылды. Пайдаланушылар техникалық оңалту құралдарының құны, қосымша төлем мөлшері және оларды сатып алу қолайлылығына қатысты өз пікірлерін білдіре алады. Сауалнамаға порталдағы сілтеме немесе QR-код арқылы қатысуға болады, — деп хабарлады ведомстводан.
Сондай-ақ Inva.gov.kz порталында онлайн өзін-өзі бағалау сауалнамасы іске қосылды. Объект иелері мен бизнес өкілдері өз нысандарының қолжетімділігін бағалап, анықталған кедергілерді жою бойынша ұсынымдар ала алады. Ол үшін портал немесе QR-код арқылы сауалнаманы ашып, өту қажет болады.
Әлеуметтік қызметтер порталы цифрлық шешімдерді тұрақты түрде енгізе отырып, әлеуметтік қызметтердің ыңғайлылығын қамтамасыз етуді жалғастыруда.