Рейтинг елдердің экономикалық өсім көрсеткіштерін емес, қоғамдық әл-ауқаты мен әлеуметтік даму деңгейін бағалайды. Индексті дайындау барысында 57 көрсеткіш талданып, олар үш негізгі санатқа топтастырылады: адамның негізгі қажеттіліктері, әл-ауқаттың негіздері және даму мүмкіндіктері.
Сарапшылар халықтың азық-түлікке, медициналық көмекке, тұрғын үйге, ауыз суға, электр энергиясына және санитариялық қызметтерге қолжетімділігін, жеке қауіпсіздік деңгейін, білім мен ақпаратқа қолжетімділікті, денсаулық сақтау жүйесінің жай-күйін және экологиялық тұрақтылықты бағалайды. Одан бөлек, жеке және азаматтық бостандық деңгейі, адам құқықтарының қорғалуы, сондай-ақ, азаматтардың жеке шешім қабылдау және өз әлеуетін іске асыру мүмкіндіктері ескеріледі.
Рейтингте Норвегия 91,73 балмен көш бастады. Сондай-ақ, алғашқы бестікке Дания, Финляндия, Швеция және Швейцария енді.
Әлеуметтік салада көрсеткіші Қазақстанмен шамалас елдер арасында Солтүстік Македония 71,24 балмен 60-орынды, Таиланд 70,79 балмен 62-орынды, ал Вьетнам 70,76 балмен 63-орынды иеленді.
Айта кетейік, әлеуметтік ілгерілеу индексін халықаралық ұйымдардың статистикалық деректері, сараптамалық бағалар және әлеуметтік сауалнамалар нәтижелері негізінде халықаралық Social Progress Imperative зерттеу жобасы жыл сайын жариялап отырады.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан 2026 жылғы Жаһандық бейбітшілік индексінде (Global Peace Index 2026) өткен жылмен салыстырғанда бес сатыға жоғарылап, 44-орынға көтерілген еді.