Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің баға индексі қалай өзгерді
АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Сауда және интеграция министрлігі жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына қатысты өзгерістерге түсінік берді.
— Ресми статистикалық деректерге сәйкес, 13 мамырдағы жағдай бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) баға индексі жыл басынан бері 106,2 пайызды құрады, — делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.
Өңірлік бөліністе әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің баға индексі жыл басынан бастап келесідей деңгейде болды: Ұлытау облысы — 109,9%, Ақтөбе облысы — 108,1%, Ақмола облысы — 107,9%, Абай облысы — 107,6%, Жетісу облысы — 107,5%, Алматы облысы — 107,1%, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облысы — 106,8%, Қарағанды облысы — 106,6%, Шығыс Қазақстан облысы –106,3%, Шымкент қаласы — 106,2%, Павлодар облысы — 106,1%, Қызылорда облысы — 106,0%, Қостанай облысы — 105,9%, Алматы қаласы — 105,8%, Маңғыстау облысы — 105,7%, Түркістан облысы — 105,2%, Батыс Қазақстан облысы — 104,9%, Астана қаласы — 104,7%, Атырау облысы — 104%.
Осыған дейін сауда үстемесін асырып қосқан кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылғанын жазған едік.
Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл наурызда ҚР Премьер-министрінің орынбасары — ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жұмыс кеңесін өткізіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының қазіргі жағдайын талқылады. Жиын барысында Үкімет басшысының орынбасары азық-түлік бағасын тиімсіз реттейтін өңірлердің жұмысын сынға алды.