«Мен өзімді қатаң бақылауда ұстаймын. Өйткені интернетте көп уақыт өткізу – сенің шынайы өміріңдегі уақытты жеп қояды. Сондықтан адамдарға жұмыста да, үйде де интернет қолдануды үйрету керек. Жалпы гигиена болуы керек. Жұмысында отырып әлеуметтік желіге уақытын құртатын адамдар қазір көп», - деді министр.
Ведомство басшысы Jibek Joly эфирін пайдаланып, қазақстандықтарға қайырылды.
«Эфирді пайдаланып баршаға өз пікірімді айта кетейін. Менің пікірім – адамның әлеуметтік желіге жұмсайтын уақыты бір сағаттан аспауы керек. Бір күнде 24 сағат болса, оның 8 сағаты жұмыста өтеді. Өзің арнайтын қалған бос 4 сағаттың бәрін интернетке құртпау керек. Жұмысқа байланысты болса да, жұмысқа қатысы болмаса да, күніне бір сағаттан артық әлеуметтік желіде отыру ешқандай пайда бермейді», - деді Бағдат Мусин.