Цифрлық платформалар қоғамның түрлі салаларының дамуына мүмкіндік бергенімен, интернеттегі еркіндік жауапкершілікпен қатар жүруі керек.
— Әлеуметтік желіде әр адамның құқығы мен ар-намысы сақталуға тиіс. Цифрлық ортада өзара құрмет пен сыйластық қағидаттары маңызды, — деді саясаттанушы.
Сонымен қатар Мақсат Жақау ұлттық құндылықтарға және балалардың қауіпсіздігіне кері әсер етуі мүмкін контентке қатысты тиісті шектеулердің маңызын атап өтті.
Оның пікірінше, әлеуметтік желідегі еркіндік пен сөз бостандығы қоғам алдындағы жауапкершілікпен үйлесуі қажет.
Еске салайық, бұған дейін жазушы әрі саясаттанушы Бақытжан Бұқарбай әлеуметтік желілердегі адам қайғысын жария түрде көрсету мен оны табыс табу құралына айналдыру қоғамға кері әсер етіп жатқанын айтқан еді.