Ресей ғылым академиясы Н. П. Бехтерева атындағы адам миы институтының ғалымы Михаил Дидур ақпараттық гигиенаның маңыздылығын атап өтті. Ол зеріккен адам әлеуметтік желіде сағаттап отырмаған жөн екенін айтты.
— Мен әлеуметтік желі үшін күніне 20-40 минут жеткілікті деп есептеймін. Балаға да жарты сағат уақыт жетер еді, — деді Дидур.
Ғалым ақпаратты саналы тұтыну дағдыларын дамыту үшін ең алдымен, балалар мен жасөспірімдерге арналған әлеуметтік медианы пайдалану нұсқауларын құру қажеттігін ескертті.
Осыған дейін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі балаларды әлеуметтік желідегі қауіпті контенттен қорғауға қатысты түсінік берді.