Агенттіктің мәліметінше, Facebook әлеуметтік желісінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Асхат Жұмағалидің атынан ашылған жалған парақша анықталған.
— Бұл Төрағаның жеке парақшасы емес екенін ескертеміз. Қазіргі уақытта мұндай жалған парақшаны бұғаттау жұмыстары жүргізіліп жатыр, — деп мәлімдеді агенттіктен.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Төрағасының ресми парақшасы келесі сілтемеде: Facebook, Instagram.
— Төрағаның атын жамылып, күдік туғызатын мазмұндағы өзге парақшалар мен аккаунттарға сенбеулеріңізді сұраймыз. Мұндай жағдайлар мен хабарламалар анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарына дереу хабарлауларыңызды сұраймыз, — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін жүргізуші куәлігін 10 сәуірге дейін ауыстыру керек деген фейк ақпарат тараған еді.