Бұл жарнамада төрт жыл бұрын Хабар 24 телеарнасында шыққан «История в лицах» бағдарламасының үзіндісі қолданылған.
Бірғаным Әйтімова сұхбат барысында өз жұмысы және Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасу жылдары туралы баяндайды. Ол жеке инвестициялық жоба туралы айтқан жоқ. Қазіргі кезде әлеуметтік желілерде таралып жатқан бейнероликте бағдарламаның кадрлары пайдаланылып, жалған дауыспен дыбысталған. Мұқият қарасаңыз, дыбыс пен артикуляцияның сәйкес келмейтінін байқауға болады. Сондай-ақ, роликте бейнепікір монтаждалған, онда бір қыз «жобаға» қатысқанын және табыс тапқанын айтады. Оның сөздері де күдік тудырады. Ол алдын ала дайындалған мәтінді оқып, Бірғаным Әйтімованың тегін қате айтады, ол оны «Гүлнара» деп атап, Telegram-дағы арнаға жазылуға шақырады.
Демек, таралған видеоға сенбеген жөн. Бұл алаяқтардың әрекеті.