Алға ілгерілеу үшін жетекші саяси күштің, қоғамның бірлігі қажет – Елбасы

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алға ілгерілеу үшін жетекші саяси күштің, қоғамның бірлігі қажет. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін біз ел дамуының негізгібағыттары бойынша біраз мәселе туралыайтатын боламыз. Партия мүшелерініңқатысуымен Саяси кеңестің кеңейтілген отырысына жиналып отырмыз. Үкіметмүшелері, партияның Мәжілістегі фракциясы, облыстардағы филиалдардыңжетекшілері қатысып отыр. Биыл партиямыз үшін, еліміз үшін ауқымды жұмыс атқарылып жатқанын білеміз. Екісъезд өткіздік, партиямыздың 20 жылдығын атап өттік. Маусым айында Президентсайлауында біздің кандидатымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жеңіске жетті», -деді отырысты ашқан Елбасы.

ҚР Тұңғыш Президентінің атапөтуінше, халық Тәуелсіздік жылдарында еліміздің билік партиясы атқарғанжұмыстардың барлығын көріп отыр.

«Дегенмен, өмір бір орнындатұрмайды. Бәрі өзгеріске ұшырап жатыр. Бүкіл әлемде де саяси партиялар бүгінгікүні жаңа міндеттермен бетпе-бет келуде. Халықаралық тәжірибе көрсетіпотырғандай, тұрақсыздық кезеңінде алға ілгерілеу үшін жетекші саяси күштіңішіндегі, сонымен қатар қоғамдағы бірлік қажет. Онсыз үлкен міндеттерді орындаумүмкін емес. Жаңа саяси жағдайда партияның рөлі айтарлықтай өсе түседі», - дедіНұрсұлтан Назарбаев.

Осыдан кейін Елбасы отырыста «NurOtan» партиясы алдындағы тұрған міндеттерді сөз етіп, мұнан арғы шаралардыталқылауды ұсынды. Отырысқа қатысушыларбұл ұсынысты толық қолдады.

Қазіргі уақытта Үкімет басшысыАсқар Мамин партияның сайлауалды бағдарламасындағы міндеттердің орындалу барысыжайында баяндама жасауда. Ал одан кейін«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек сөзсөйлейді.

Соңғы жаңалықтар