«Астана құрылыс» Ұлттық құрылыс компаниясы АҚ президенті Мұрат Божимовтың айтуынша, қазіргі таңда Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми жобалау институты АҚ ұсынымдарына сәйкес үйді вертикалды қалыпқа келтіру жұмыстары жүріп жатыр.
«Үйдің іргесі 10-12 см қисайған. Алғашқы кезең бойынша 12 нүктені бекіттік. Енді екінші кезеңге көштік. ҚҚСҒЖИ АҚ ұсынымдарына сәйкес фильтрге қарсы экран орнатып жатырмыз. Үшінші кезеңде іргетасты тіреп тұрған бағанды орнатамыз. Баған монолитті бетоннан құйылады», - деді Божимов.
Оның айтуынша, барлық жұмыстар Сәулет институтының қадағалауымен жүзеге асырылып жатыр.
Қабырғаның қаншалықты қисайғаны күнделікті бақыланып отыр.
Ал қала билігі тұрғындарды көшіру қажеттігі бар-жоғы жайлы әлі ақпарат бермеді.
Айта кету керек, Алғабас шағын ауданындағы үйлер Мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған болатын. Өткен жылы №1/136 үйдің керегелері шытынап, 32 см-ге қисайған соң тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліп еді.
16:56, 16 Мамыр 2017
Алғабастағы қисайған үйге қатысты құрылыс компаниясы есеп берді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алғабаста қабырғалары қақырай бастаған №1/155 үй туралы құрылыс компаниясы түсініктеме берді.