Алғаш рет әуесқой ғарышкерлер ғарышқа ұшты
АСТАНА. KAZINFORM – Әуесқой ғарышкерлер алғаш рет ғарышқа аттанды. Олар Crew Dragon ғарыш кемесі бортындағы Polaris Dawn коммерциялық миссиясының бөлігіне айналды. Бұл туралы CNN хабарлады.
Америкалық кәсіпкер Джаред Айзекман, АҚШ Әскери-әуе күштерінің отставкадағы ұшқышы Скотт Потит, инженерлер Анна Менон мен Сара Гиллис ғарышқа ұшқаны атап өтілді. Оларды кемеден сыртқа шығару – Polaris Dawn миссиясының негізгі мақсаттарының бірі. Миссияға қатысушылар небәрі бес күн ішінде шамамен 40 эксперимент жүргізуді жоспарлап отыр.
Басылымның мәліметінше, Crew Dragon ғарыш кемесі бар Falcon 9 зымыраны 10 қыркүйекте 05:24 (жергілікті уақыт) Флоридадағы Джон Кеннеди атындағы ғарыш орталығынан ұшырылған. «Polaris Dawn» коммерциялық миссиясының бір бөлігі ретінде ғарыш кемесі Жердің төмен орбитасында операциялар жүргізеді.
SpaceX негізін қалаушы Илон Маск Polaris Dawn ғарыш экспедициясының экипажы барлық елдің жарты ғасырдағы ғарыштық ұшуларына қарағанда Жерден ең алысқа баратынын хабарлады. Кеме адамдармен бірге Жер орбитасынан 1400 шақырым төменге ұшады. Салыстыру үшін, Халықаралық ғарыш станциясы Жерден шамамен 400 шақырым ұзақта айналады.