Бұл жеңіс Қазақстан үшін тарихи жүлде болмақ. Қазақстан теннисшісі «Үлкен дулыға» турнирінің бірінде алғаш рет жеңіске жетті.
Шведова мен Кинг финалда ресейлік теннисші қыздар Елена Веснина мен Вера Звонараеваны 7:6, 6:2 есебімен ұтты.
Сонымен қатар, қазақстандық Михаил Кукушкин Германиядағы «Челленджер» сериясы турнирінің финалына өтті. Михаил Кукушкин жартылай финалда швейцариялық Стефане Бохлиді 7:6,6:4 есебімен жеңді. Бүгін финалдық ойында ол Бразилиядан келген теннісші Маркос Даниэлмен бірге сайысқа түседі.