АСТАНА. KAZINFORM – Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан VI Ислам Ынтымақтастығы ойындарында қазақстандық дзюдошы Аруна Жангелдина алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Спорт комитеті.
Отандасымыз әйелдер арасындағы 78 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік шығып, финалда Камерун елінің спортшысы Георгику Мунесті жеңді.
Айта кетейік, бұл жеңіс – Қазақстан құрамасының аталған ойындардағы алғашқы алтын медалі болды.
Бұған дейін Қазақстан құрамасынан екі дзюдошы Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына шыққаны хабарланған болатын.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.