Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдерінің мәртебесі артады
АСТАНА. KAZINFORM – Қазір мәжіліс депутаттары алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдерінің мәртебесін арттыруға қатысты норма әзірлеп жатыр. Бұл туралы Jibek joly телеарнасының жаңалықтар қызметінде айтты.
Колледждерде де әскери кафедра ашу керек. Себебі, тәртібі мен оқу үлгерімі нашар оқушылар көп жағдайда 9-сыныптан кейін орта кәсіби білім беретін мекемелерге барады.
Ал, алғашқы әскери дайындық пәнін колледж бағдарламасына енгізу осындай оқушылардың тәртібін түзеуге септігін тигізеді.
Депутат Жұлдыз Сүлейменова осындай бастама көтерді. Қазір мәжіліс депутаттары алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдерінің мәртебесін арттыруға қатысты норма әзірлеп жатыр. Заңнамада оларды аттестациядан өткізу тетіктері жетілдірілмек. Тест сұрақтарын дайындау процесіне Қорғаныс министрлігі де үлес қосады.
Айта кетелік еліміздің колледждерінің үздік студенттері анықталды.