Онда Марк Цукерберг әйелімен алғашқы кездесуі туралы естеліктерімен бөліскен.
- Біздің алғашқы кездесуімізге 20 жыл болды. Біз достарымның менің құрметіме өткізген қоштасу кешінде кездестік. Ол кезде мені әне-міне оқудан шығарады деп ойлап жүрген едік. Мен оны кездесуге шақырып, колледжде аз ғана уақытым қалғандықтан, тез арада бір жерге барып үлгеріп қалуымыз керектігін айттым. Кейінірек Facebook-ті құрдым, біз үйлендік, қазір біздің керемет үш қызымыз бар, - деп жазды ол.
Кәсіпкердің әйелі де Марктың жазбасына жауап жазып, жас күндеріндегі фотоларын жүктеді.
- Алғашқы кездесуімізге 20 жыл болды. Ол мені әлі күнге дейін қуанышқа бөлейді. Қазір біздің соңымыздан 3 кішкентай ханым еріп келеді! – деп жазды Присцилла.
Марк Цукерберг пен оның сүйіктісі Присцилла Чан тоғыз жылдық романтикадан кейін 2012 жылдың 19 мамырында үйленді. Ерлі-зайыптылардың үш баласы бар.
Бұған дейін Meta корпорациясының басшысы Марк Цукербергке жаттығу кезінде алған тізе жарақатына байланысты ота жасалғаны хабарланған болатын.