Онда ойыншы моңғол отбасыларында болатын көріністерге қатысады. Ойын картасының көлемі 76 шаршы шақырымды құрайды, бұл аты аңызға айналған The Elder Scrolls V: Skyrim ойынынан дерлік екі есе үлкен.
«XIII ғасыр ортасында Ұлыс билігі төңірегінде жағдай шиеленісе түседі. Қомағай, дүниепараз билеуші Есу-Мункэ билікті қараусыз қалдырады. Оның орнына әйелі мен министрі үкіметті басқарады. Ұлыста моңғолдың екі ұлы тайпасы билікке ұмтылады. Бай-ауқаттылар одақтастарымен бірігіп, қастандықтар ұйымдастырады. Ел арасында дау туындап, екіге бөлінеді».
Ойынның сюжеті осы жерден басталады.
Жақында Doomers Entertainment студиясы заманауи Unreal Engine 5 бағдарламалық жасақтамасына ауысқанын хабарлады. Жобаны VK «The Golden Horde | Экшн РПГ | Орта ғасыр» әлеуметтік желісінен қарауға болады. Ойын әлі Steam онлайн дүкендеріне шығарылмаған.