Алғашқы Алтай марафонында Андрей Лейменов жеңімпаз атанды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласында алғаш рет Altay Half Marathon өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның Жеңіл атлетика федерациясына сілтеме жасап.

Шығыста жартылай марафоннан мұндай жарыс алғаш рет ұйымдастырылып отыр. 21 шақырым 97,5 метрге жүгіруге жарыста ерлер арасында бірінші орынды жергілікті спортшы Андрей Лейменов жеңіп алды.

Лейменов тізгінді бірден қолға алып, аталған қашықтықты - 1 сағат 10 минут 11 секундта бағындырды. Екінші орын тағы бір ШҚО спортшысы Әмір Байтуқановқа бұйырды - 1:13:20. Үштікті Тараздан келген Андрей Калюжный (1:14:01) қорытындылады.

Бұл жартылай марафон - Қазақстан жеңіл атлетикасының 100 жылдығы мен Астана қаласының 20 жылдығы құрметіне арналып өткізілді.

Фото: kazathletics.kz