Алғашқы әскери дайындық жөніндегі сабақ әскери даңқ мұражайында өткізіледі ? Семей
19:14, 18 Наурыз 2009
СЕМЕЙ. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Семейде алғашқы әскери дайындық (АӘД) сабағы қалалық әскери даңқ мұражайында жиі өткізіліп тұрады. Мұндай үрдісті кәсіпкерлік колледжінің АӘД пәнінің мұғалімі, отставкадағы полковник Александр Коноваловтан үлгі алған қаладағы жалпы білім беретін мектептер мен колледждер тәжірибеге айналдыра бастады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Әскери даңқ мұражайы Семейде осыдан 20 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ұйымдастыруымен ашылған болатын. Оның экспозицияларында кеңес әскерінің соғыс жылдарындағы ұрыс тактикалары мен ұрыс жүргізу тәсілдері көрініс тапқан. Құжаттар, фото суреттер мен басқа да соғыс жылдарынан қалған жәдігерлер майдан туралы толық мағұлмат береді және түсінік қалыптастырады.Мұражайда осы қалада жасақталған 238-ші және 8-ші атқыштар дивизиясына ерекше мән беріледі. Семейдің әскери даңқ мұражайы Шығыс Қазақстан облысындағы үздік мұражай қатарынан орын алады. Алғашқы әскери дайындық сабағында оқушылар алдында соғыс ардагерлері мен мұражай қызметкерлері осы тақырыпқа байланысты әңгіме шертеді.