Алғашқы халал зертханасы Малайзияда ашылды

АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Малайзияда халал өнімдерді зерттейтін алғашқы сараптамалық зертхана ашылды. muslim.kz сайтының жазуынша, бұған малайзиядық Ислами даму департаменті мұрындық болып отыр. Ел премьерінің өкілі Датук Сери Жамил Хир Бахар мұндай зертхананың қажеттілігіне, халал сертификатын берудегі маңызына тоқталып, зертхананың халал саласындағы әлемдік талдау орталықтарының біріне айналатынына сенім білдірді.

Сондай-ақ, аталмыш зертхананың ашылу салтанатында ол тілшілерге Малайзия экономикасына халал сертификатының тигізер пайдасын айтып берді. 

«Халал өнімдерді сертификаттауға арналған зертхананың қорытындысына қатысты ақпаратта мүдделі тараптардың да пікірі ескеріледі», - деді ол.

Малайзияда халал сертификатына қол жеткізу үшін 30 күн күтуге тура келетін. Зертхана бұл процесті тездетіп, уақыттан ұтуға мүмкіндік береді.