Адамдардың көп жиналған орны - Үндістан астанасының орталығындағы Раштрапати Бхаван даңғылы болды, мұндағы бір жарым шақырымдық магистраль мен оның жанындағы көгалдарға йогамен айналысуға арналған түрлі-түсті кілемшелер төселген.
Премьердің өзі 37 мыңнан астам мемлекеттік қызметкер, әскерилер, спортшылар, оқушылар, қоғамдық қозғалыс өкілдерімен бірге 35 минут жаттықты. Шараға сондай-ақ 152 дипломатиялық миссияның қызметкерлері қатысқан.
Үндістан үкіметінің йога істері бойынша министрлігінен хабарлағандай, шараның ұйымдастырушылары Гиннестің рекордтар кітабына өтінім жіберген - бүгін олар таза ауада бір алаңда, бір уақытта йогамен айналысушылардың саны бойынша әлемдік рекордты жаңарта алды.