Алғашқы ресейлік смартфондар сатыла бастады - ВИДЕО
02:16, 28 Желтоқсан 2013
АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ресейдің "Евросеть" және "Связной" бөлшек сауда желілерінде электронды технология бойынша жасалған қосымша экраны бар YotaPhone смартфондары сатыла бастады, деп хабарлайды Digit.ru. Аталмыш смартфонның тұсаукесері ағымдағы жылдың 4 желтоқсан күні өткен болатын.
Қара түсті корпусы бар смартфон "Евросеть", "Связной" және Yota Retail бөлшек сауда салондарында 20 мың рубль бағамен сатылымға шықты. Еуропада келесі жылы сатылымға шығара бастау жоспарлануда.