Оның ішінде қаржы полициясы органдарымен - 39, ішкі істер органдарымен - 1, прокуратура өкілдерімен - 3 қылмыс ашылды. Бұл туралы Ақмола облыстық прократурасының баспасөз қызметінен хабарланды.
«Есепті кезеңде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін 2 аудан әкімі, 4 аудан әкімдігінің құрылымдық бөлімше қызметкерлері, 5 ішкі істер органдарының қызметкерлері, 2 қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері, 2 ЖШС басшылары (пара беруге орай), 2 өндірістік лицей басшысы жауапкершілікке тартылған», делінген баспасөз айғағында.
Жалпы, алғашқы жартыжылдықта облыс бойынша 75 экономикалық қылмыс тіркеліпті. Бұл жалпы тіркелген қылмыстардың 1,7 пайызын құрайды. Қылмыстар бойынша залалдың орнын толтыру шамамен барлық соманың 48,4 пайызына тең болып, 219 млн. теңгені құрады. Олардың ішінде 179 млн. теңге экономикалық қызметтер саласына қатысты болып табылады.