Алғашқы жартыжылдықта сауда операцияларының оң сальдосы 4,1 миллиард долларды құрады

АЛМАТЫ. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алғашқы жартыжылдықта сауда операцияларының оң сальдосы  4,1 миллиард долларды құрады.

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченконың бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алғашқы алты айдың  алдын-ала нәтижелері бойынша төлем балансының ағымдағы операцияларының шоты 2,8 миллиард долларға жуық тапшылықпен қалыптасты. 2008 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда тауарлар экспорты 50,7 пайызға төмендеп, 17,5 миллиард доллар болды.  Биыл тауарлар импорты 13,3 миллиард доллар болды. Бұл өткен жылғы алғашқы жартыжылдыққа қарағанда 23,6 пайызға төмен.

Ұлттық банк төрағасының айтуынша, биыл аралық өнеркәсіптік тұтыну тауарлары 38 пайыз, тұтыну тауарлары 23 пайызға кемігені байқалды. Сондай-ақ азық-түлікке жатпайтын тұтыну тауарларын әкелу 25 пайызға, азық-түлік тауарларын әкелу 20 пайызға азайды. Импорт құнындағы неғұрлым көп үлес инвестициялық тауарларға тиесілі (45,9 пайыз), олардың импорты 6 миллиард доллар сомадан асты.