Алғашқы жеке кеменің ХҒС-қа ұшатын күні белгілі болды

АСТАНА. 6 мамыр. ҚазАқпарат - Dragon атты алғашқы жеке ғарыш кемесі 2012 жылғы 19 мамырда Халықаралық ғарыш стансасына аттанбақ, деп хабарладыAgence France-Presse.

Бұл туралы аппараттың қожайыны SpaceX компаниясының өкілдері  мәлім еткен. Кеме Жерге 22 мамырда қайтып оралуы тиіс.

Dragon апаратының ұшуы бұдан бұрын әртүрлі себептерге байланысты бірнеше мәрте кейінге қалдырылған болатын. Алғашқыда ұшыру 2011 жылғы қарашаға белгіленді. Бұған Ресейғарыш қарсылық білдіріп, оның өкілі «коммерциялық кемелердің қабылданған қауіпсіздік нормаларға сәйкестігін» қуаттайтын құжаттары жоқ екенін алға тартты.

Бұдан кейін алғашқы жеке ғарыш кемесі ХҒС-ға 2012 жылы ақпанда аттанады деп мәлімделді. Бұл жолы Ресейғарыш қарсылық білдірген жоқ, алайда Dragonды ұшыру  техникалық сеептерге байланысты кейінгі ысырылды. Бұдан кейін 30 сәуірде ұшыру жоспарланғанмен жабдықтарды қосымша тексеру қажет болды. Одан кейін 7 мамыр күні аталды. Бұл жолы да жабдықтарды тексеру үшін белгісіз уақытқа кейін шегерілді.  

Dragon - әмбебап кеме, ол жүк тасымалдаушы да бола алады, 4,2 тонна жекті жеткізе алады және қайтарда  орбитадан 3 тонна жүк пен ұшқыштар командасын (7 адам) әкелуі қажет. Dragon-ды орбитаға осы жоба үшін арнайы жасалған Falcon 9 зымырантасығышы жеткізуі тиіс.