Канаверал мүйісінен ұшыру мәскеу уақыты бойынша 12:55-ке белгіленген. Ол бортқа 500 келі тамақ пен жабдық жеткізбек.
Бұған дейін Халықаралық ғарыш стансасына мемлекеттік кәсіпорындарда құрылған ресейлік, ағылшындық, еуропалық пен жапондық ғарыш кемелері ғана ұшырылған болатын. Ал қазіргі ұшырылайын деп отырған аппарат SpaceX компаниясымен шығарылды.
Егер де өткізілейін деп отырған тәжірибе ойдағыдай сәтті өтсе, онда NASA құрылғыны шығарған компаниямен бұндай ғарыш кемелерін коммерциялық мақсатта пайдалануды жоспарлауда, оның ішінде «ғарыш туристерін» ХҒС-на жеткізу де қолға алынбақ. Бұған дейін ғарыш кемесін ұшыру бірнеше рет кейінге қалдырылған болатын.