Министр жариялаған жаңа видео қазақ даласын аралап, ән-күйін жинап, зерттеген атақты ғалым Александр Затаевичке арналған.
«Құрметті достар! Бүгінгі ролик қазақ музыкасының үлгілерін жинаумен айналысқан Александр Затаевич туралы. Ол жарыққа шығарған «Қазақ халқының 1000 әні» және «Қазақтың 500 ән-күйі» атты жинақтарға еліміздің бай фольклорлық қазынасы мен атадан балаға жеткен асыл мұрасы енгізілген», - деп жазды Дәурен Абаев Facebook парақшасында.