Оның айтуынша қаншама халықты бауырына басқан қазақ халқына алғыс айтылуы керек екен. «Біздің ұлтымыздың қиын-қыстау заманда ең алғаш қоныс аударған жерi - Үштөбе қаласы. Сол қалада бiз 1999 жылы қазақ халқына алғыс ретiнде қара тастан жасалған пирамида түрiнде ескерткiш орнаттық. Өйткені біздің кәріс ата-бабаларымыздың басына түскен күн ешқашан ұмытылмауы тиіс. Әрине, алғысты тек мерекеде ғана айтпауымыз керек», - деп санайды Пак Ли.
«Тоталитарлық жүйе миллиондаған азаматтардың тағдырын тәлкекке салды. Сол жылдары ұлттық мүддені қорғаған зиялыларды, қарапайым еңбек адамдарын жазықсыз қудаласа, кейіннен бұл саясат шекаралық аймақтағы тұтастай халықтарды туған жерінен айырып, басқа аймаққа күшпен жер аудартты. Оларды қоныстандырған жердің қатарында Қазақстан да бар болатын», деп жазады басылым.
09:16, 01 Наурыз 2016
Алғысты тек мерекеде ғана айтпауымыз керек - Пак Ли
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алғысты тек мерекеде ғана айтпауымыз керек. Семейдегі кәріс ұлтының өкілі, саясаттану ғылымының докторы Пак Ли «Дидар» газетіне берген сұхбатында осылай мәлімдеді.