Али Ахмедовтің қарсыласы ауысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Али Ахмедовтің қарсыласы ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жерлесіміз 11-наурыз күні Польшада кәсіпқой рингтегі алтыншы жекпе-жегін гамбиялық Патрик Мендимен (17-11-2, 1КО) өткізбек болған. Алайда, белгісіз себептерге байланысты Патрик кездесуге шықпайтыны белгілі болды.

Енді Ахмедов гамбиялық боксшының орынына аргентиналық Матео Дамиан Веронмен (26-18-3, 8КО) шаршы алаңға шығатын болады.
Естеріңізге сала кетейік, Али Ахмедов осыған дейін 5 жекпе-жек өткізіп, бесеуін де жеңіспен аяқтаған болатын.