Бұл туралы боксшының «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында хабарланды.
Онда "Ахметов 11 наурыз күні өзінің кәсіпқой мансабындағы алтыншы кездесуін Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында өткізеді. Толығырақ айта кетсек, кездесу 8 раундтық жартылай ауыр салмақта (79,3 келі - 175 фунт) өтеді. Қарсыласы əзірше белгісіз. Али жатығуларын пысықтап, талмай еңбек өтуде", - деп жазылған.
Естеріңізге сала кетейік, боксшы соңғы бесінші кездесуін Польшада өткізіп, беларусьтық Владимир Харкевичті ұпай санымен жеңген болатын. Ал оның алдында төртінші жекпе-жегін Алматыдағы Қанат Ислам мен Патрик Аллотей арасындағы бокс кешінде өткізген еді. Ол әзербайжандық Али Маммедовты бірінші раундта-ақ жеңді. 21 жастағы қазақстандық кәсіпқой бокста 5 кездесу өткізіп үлгерді. Оның барлығында қарсыласынан басым түсті.
Фото: Vesti.kz