НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық маман Али Алиев Петропавлдың «Қызылжар» футбол командасы бас бапкері қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі ресми түрде мәлім етті. Жаңа бапкер 11 қаңтар күні белгілі болады.
Али Алиев 2019 жылы «Қызылжарға» жетекшілік жасады. Команда былтыр бірінші лигада бірінші орын алды. Биыл Премьер-лигада сынға түседі.
Али Алиев 1980 жылы дүниеге келген. Ол футболшылық мансабын 1998 жылы Алматының ЦСКА-«Қайрат» командасынан бастап, одан кейін елімізде Алматының «Қайрат», «Ертіс», «Тобыл», «Восток», «Ордабасы», Түркияның «Акчаабат Себатспор», «Кайсери Эрджиесспор», «Карталспор», «Диярбакырспор» клубтарының намысын қорғады. 2015-2018 жылдарда «Қызылжар» сапында ойын көрсетіп, былтыр команда тізгінін қолға алды.
Фото: kazfootball.kz
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.