BoxRec.com сайтының хабарлауынша, Әли Балоевтың келесі қарсыласы - өткен жылдың қыркүйегінде Мәскеуде өткен Hardcore Boxing турнирі аясында қазақстандық боксшыны техникалық нокаутпен жеңген ресейлік Курейш Сагов.
Балоев пен Саговтың жекпе-жегі Дубайда (БАӘ) өтеді деп күтілуде.
Hardcore Boxing лигасында Әли Балоев соңғы үш жекпе-жегін өткізді – Саговтан жеңілмес бұрын қазақстандық екі жеңіске жетті (техникалық нокаутпен және төрешілердің бірауыздан шешімімен).
Фото: sports.kz