«Әли Оқапов өз видеосын жүктеді ғой. Содан кейін мен министр ретінде ол кісімен сөйлестім. Ол кісі шығармашылық адамы болғаннан кейін бәрін эмоционалды тұрғыда қабылдаған. Өзі айтты: «Аида Ғалымқызы, шынымен де бәрі жан-жақтан талаған кезде, менің еңбегім емес деп, анаммен салыстырып жатқаннан кейін шыдамадым», - деді. «Қазір ондай сұрақ жоқ. Бәрі дұрыс», - деп өзі айтты», - деді вдеомство басшысы Мәжілістің пленарлық отырысынан кейін.
БАҚ өкілі «Әншіге берілген атақ өзінде қалатын болды ма», - деп нақтылады.
«Иә, өзінде қалады», - деді Аида Балаева.