«Алиакбар ата-Агро» шаруа қожалығы жалпы құны 220 млн. теңге тұратын мал бордақылау кешенін ашты - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Сырдария ауданына қарасты Жетікөл ауылында «Алиакбар ата-Агро» шаруа қожа­лығы құны 220 млн. теңге болтын мал бордақылау кешенін ашты.

Кешен толық іске қосыл­ғанда жылына 400 ірі қара, 900 бас жылқы, 2400 қой бордақыланып, 295 тонна ет өндіріледі. Үстіміздегі жылы жем-шөпті сатып алған шаруашылық келер жылдан бастап мал азығын өздері дайындауға кіріседі.