Alibaba қара тізімге енгізілгені үшін Пентагонды сотқа берді

АСТАНА. KAZINFORM- Қытайлық технологиялық алпауыт Alibaba АҚШ Қорғаныс министрлігін оны әскери салаға қатысы бар компания ретінде белгілегені үшін федералды сотқа шағым түсірді, деп хабарлайды CBS News .

Фото: cosmosourcing.com

Калифорния федералды сотына берілген талап Пентагонның Alibaba-ны Қытай әскерімен байланысы бар компаниялардың тізіміне енгізу туралы шешімін даулап отыр.

— Alibaba қытайлық әскери компания да емес, әскери және азаматтық секторларды біріктіру стратегиясының бөлігі де емес. Alibaba-ны тізімге енгізу шешімі ерікті және негізсіз, сондықтан компанияны тізімнен шығаруды талап етеміз, — деп мәлімдеді компания өкілдері.

Осыған дейін алаяқтар Ұлыбританияда 500 мың адамның деректерін сатпақ болғанын жаздық