АСТАНА. KAZINFORM - Қытайдың әйгілі халықаралық Alibaba компаниясы алдағы үш жылда жасанды интеллект аппараттық инфрақұрылымын құруға 380 миллиард юаньнан астам (52 миллиард доллардан астам) инвестиция салмақ. Бұл туралы «Халық Газеті» басылымы хабарлады.
Alibaba компаниясының бас директоры У Юнмин 24 ақпанда алдағы үш жылда Alibaba бұлтты және жасанды интеллект аппараттық инфрақұрылымына 380 миллиард юаньнан астам инвестиция салатынын, оның жалпы сомасы соңғы он жылдағы көлемнен жоғары екенін хабарлады.
– Бұл қытайлық жеке компаниялардың бұлтты және жасанды интеллект аппараттық инфрақұрылымын құруға салған ең ірі инвестициялардың рекордтық көрсеткіші болды, - деп жазады басылым.
Айта кетейік, бұған дейін Қытай педиатрлары диагноз қою мен емдеу процесінде жасанды интеллектіні пайдалана бастағанын жазған болатынбыз.
Ризабек Нүсіпбекұлы
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының магистрі.
2009 жылдан бері "ҚазАқпарат" Халықаралық ақпарат агеніттігінде қызмет атқарады.
"ҚазАқпарат" Халықаралық ақпарат агенттігін дамытуға қосқан үлесі үшін және еліміздің ақпарат саласына сіңірген еңбегі үшін «Күміс бітікші» медалінің иегері.
Халықаралық, Республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері.