«Экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдарға келесі іс-шараларға назар аудару ұсынылады. Уақытылы егін жинауды және құрылыс жұмыстарының маусымын тиімді жүргізуді қамтамасыз ету, экспорттың өсуін қалпына келтіру үшін қосымша шаралар қабылдау және баламалы бағыттарды тиімді пайдалану қажет», - деді министр.
Сонымен қатар ол белсенді түрде инвестиция тарту және бюджет қаражатын тиімді игеру мәселесіне де назар аудартты.
«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының өсуін болдырмау бойынша іс-шаралар қабылдау және тұрақты мониторинг жүргізу керек. Тұрақты және уақытша жұмыспен қамту іс-шараларын қолдау арқылы еңбек нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету қажет», - деді Әлібек Қуантыров.