Сенатор сондай-ақ Атырау облыстық төтенше жағдайлар, экология департаменттерінің, сондай-ақ экология, ауыл шаруашылығы басқармаларының және «Қазсушар» РМК басшысымен кездесті. Онда төтенше жағдайлардың алдын алу, сумен жабдықтау және Азғыр және Тайсойған полигондарының төңірегіндегі жағдайлар талқыланды.
Депутат сонымен қатар Атырау облысы Қоғамдық кеңесінің мүшелерімен де кездесті. Шара барысында өңірдегі проблемалық мәселелер, оның ішінде көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы, білім сапасы, медициналық қамтамасыз ету шарттары егжей-тегжейлі талқыланды.