Әліби Ыдырыс жеңілмеген бразилиялықты тізе бүктірді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Naiza мен Ural FC промоушендерінің бірлескен турнирінде алдын ала кардтың алтыншы кездесуі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: sports.kz

Жеңіл салмақтағы жекпе-жекте жеңілмеген екі боксшы – бразилиялық Алиссон Сильва (8-0) мен Naiza лигасының бұрынғы чемпионы, қазақстандық Әліби Ыдырыс (7-0) бақ сынады.

Үш раундқа есептелген жекпе-жек төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Ыдырыстың жеңісімен аяқталды. Қазақстандық жекпе-жек бойы қарсыласынан басым түсті.

Осылайша, Әліби Ыдырыс мансабындағы сегізінші жеңісіне қол жеткізсе, Алиссон Сильва бірінші рет жеңілді.