АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық Әлихан Әсетов шайбалы хоккейден халықаралық Qazaqstan Hockey Open турнирінде Қазақстан және Ресей 25 құрамалары кездесуінде үздік ойыншы атанды.
Бұл матчта қазақстандық хоккейшілер қарсыласына 1:4 есебімен есе жіберді. Ойын барысында ел құрамасынан Әлихан Әсетов қарсылас қақпасына соғылған жалғыз шайбаның авторы атанды.
Енді отандастарымыз алдағы ойынын 3 мамырда Беларуське қарсы өткізеді.
Ертең, 2 мамырда Ресей 25 және Беларусь құрамалары шеберлік байқасады.
Халықаралық турнирге қатысушылар топтық жүйе бойынша сайысқа түседі. Көп ұпай жинаған құрама турнирдің жеңімпазы атанады.
Бұл Қазақстан құрамасының 2025 жылғы әлем чемпионаты алдындағы дайындығы аясында өткізіліп жатыр.
Қазақстандық хоккейшілер В тобында ойнайды. Қарсыластары — Финляндия, Чехия, АҚШ, Германия, Дания, Норвегия және Венгрия.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.