Қазақстандық хоккейші елордалық командада 2013 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Алғашқыда «Снежные Барсы», «Номад» клубтарының намысын қорғаған ол «Барыс» сапындағы бірінші ойынын 2015 жылы 10 қазанда Ресейдің «Сибирь» (Новосібір) командасына қарсы өткізді. Әлихан 2018 жылдан бері елордалық клубтың негізгі ойыншысына айналды.
2021 жылдан бері ұлттық құрама сапында ойнайды. Бірнеше мәрте әлем чемпионатында ел намысын қорғады.
Әлихан Әсетов 1996 жылдың 26 тамызында Өскемен қаласында дүниеге келген. Спортшы ретінде мансабын 2012 жылы жергілікті «Казцинк-Торпедо» командасында бастады.
Айта кетейік, бұдан бұрын «Номад» хоккей командасының Құрлықтық кубоктағы ойын кестесі белгілі болды. Жарыстың финалдық сатысында елордалық команда «Кардифф Девилз» (Уэльс), «Катовице» (Польша) мен «Хернинг Блю Фокс» (Дании) клубтарымен шеберлік байқасады. Ойындар 12-14 қаңтар аралығында болады.
Еске салсақ, бүгін «Барыс» командасы бүгін «Ак Барспен» кездеседі.