Әлихан Бәйменов Қазақстандағы РФ Елшісі Михаил Бочарниковпен кездесті
17:43, 05 Сәуір 2012
АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - 2012 жылдың 4 сәуірі күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Қазақстандағы Ресей Федерациясының Елшісі Михаил Бочарниковпен кездесті.
Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметінен хабарлады.
Екі тарап өз елдеріндегі мемлекеттік қызмет мәселелері туралы ақпаратпен алмасып, осы салада Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты орнату сұрақтарын талқылады.