«Елбасы шетелге азаматтарды оқуға жібергенде, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді оқытқанда оларды жіберген елдің тілін біліп баруына қатысты назар аударды. Әйтпесе, мемлекеттен бөлінетін қаржы рәсуа болады. Сол себептен бүгінгі күнге дейін біздің академияға оқуға түсу кезінде шет тілін білу деңгейі Білім министрлігіне қарасты тестілеу орталықтарында өтетін. Менің келгеніме екі жыл болды, сол тестілеу орталығының жұмысына күмәнмен қарайтындығымды жасырмаймын», - деді агенттік басшысы
Бұл тұрғыда Ә. Бәйменов Мемлекет басшысы тиісті тапсырмалар беріп, ведомствоға дербес оқыту ордасы ретінде тестілеудің жеке жүйесін құру немесе халықаралық тестілеу жүйесін пайдалану жүктелгенін айтты.
«Біз бұл бағытта жұмыс жасаймыз, сонда шын мәнінде елімізден шетелге оқуға барған азамат тіл үйрену үшін емес, білім алу үшін баратындай деңгейге келеміз», - деп түйді агенттік басшысы.