Оған Қазақстан, Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Латвия, Өзбекстан, Украина және Моңғолиядан 92 спортшы қатысқан болатын. Ақтық сында Украинаның Черновцы қаласынан келген Ярослав Тарневецкийді 7:2 есебімен ұтқан Ә. Қаранеев Азия чемпионатының кубогын, алтын медалін және 1-дәрежелі димломы мен 1 миллион 480 мың теңге көлеміндегі қаржылай сыйлыққа ие болды. 26 шілде күні 22 жасқа толғалы отырған халықаралық дәрежедегі спорт шебері бұл додада 7 кездесу өткізіп, оны түгел өз пайдасына шешті. 87,69 пайыздық нәтижеге қол жеткізген Әлихан 63 партияның 41-ін немесе 66 пайызын, ойналған 56 шардың 40-ын жіберіп 58 пайыздық көрсеткіш көрсетті. Онда күміс жүлдегер 740 мың, ал оларға жартылай финалда есе жіберіп, қола жүлдені қанағат тұтқан алматылық Дәурен Орынбаев пен орынборлық Олег Еркулев 444 мың теңгеден алды. Сондай-ақ сегіздікке кіргендер 148 мыңнан, ал 9-16 орынды бөліскендер 92 500 теңгеден иеленді.
12:09, 07 Шілде 2012
Әлихан Қаранеев бильярдтан Азия чемпионы атанды
АЛМАТЫ. 7 шілде. ҚазАқпарат - Алматыда 3-6 шілде күндері бильярдтың «Еркін пирамида» түрінен Азияның ашық чемпионаты өтті. Жүлде қоры 4 миллион 440 мың теңгені құрайтын бұл додада алматылық Әлихан Қаранеев жеңімпаз атанды.