Әлихан Смайылов Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды

ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM — Үкімет басшысы өңірде «Ауыл аманаты» ауыл тұрғындарының табысын арттыру жобасының барысымен танысып, шығармашыл жастармен кездеседі.

Фото: Дарья Аверченко / Kazinform

«Сонымен қатар Әлихан Смайылов машина жасау және агроөнеркәсіп кешені салаларындағы бірқатар өндірістік кәсіпорынды аралайды.

Жұмыс сапары қорытындысы бойынша Премьер-Министр өңірді дамытудың өзекті мәселелері бойынша кеңес өткізеді», — деп жазды Үкіметтің ресми арнасы.