«Квазимемлекеттік сектор субъектілері 2023 жылы республикалық бюджеттен 1,2 трлн теңгеге жуық қаржы алды. Бұл ретте, олардың пайдаланбаған қаражаты жыл қорытындысы бойынша өткен кезеңмен салыстырғанда 2,5 еседен астам өсті. Осыған қоса, Жоғары аудиторлық палата тағы 383 млрд теңгені анықтады. Бұл – квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бөлініп, шоттарда орналастырылып, пайдаланылмаған қаражат», - деді Ә. Смайылов.
Оның пайымынша, квазимемлекеттік сектордың бюджетті жоспарлау және оны орындау кезінде қаражатты игермегені және төмен нәтижесі үшін мемлекеттік органдармен тең дәрежеде Парламент алаңында жауап беретін уақыты келді.
«Қаражатты бақылау шоттарында жылдар бойы жинақтау тәжірибесін тоқтату қажет. Ақша экономикаға және қазақстандықтардың игілігі үшін пайдаланылуы керек», - деді Жоғары аудиторлық палата төрағасы.