Әлихан Смайылов НЗМ, НУ және Назарбаев қорының Қамқоршылық кеңесін басқарады

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Назарбаев Зияткерлік мектептері, Назарбаев университеті және Назарбаев қорының жоғары қамқоршылық кеңесінің төрағасы атанды. Бұл жөнінде "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының сайты мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: Фото: primeminister.kz

Бұған дейін аталған лауазым бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевта болған еді.

Жазда «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» ҚР Заңына Мемлекет басшысының дербес білім беру ұйымдарының Жоғары қамқоршылық кеңесін құру жөніндегі өкілеттіктерін айқындау бойынша түзетулер енген еді. Онда жоғарғы қамқоршылық кеңесінің төрағасы республиканың тұңғыш президентінің орнына қазіргі президент немесе ол тағайындайтын тұлға болатыны жазылған.

Сонымен бірге, Қамқоршылық кеңес құрамына ҚР Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, Премьер-Министрдің әлеуметтік сала сұрақтары бойынша орынбасары тамара Дүйсенова, ҚР Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Әсет Ерғалиев, ҚР лым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, «Назарбаев Университеті» ДББҰ Президентінің міндетін атқарушы Адесида Илесанми кірген.