Әлихан Смайылов: 84 млрд теңгенің қаржылық бұзушылықтары жойылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың 1-тоқсанында 84 млрд теңгенің қаржылық бұзушылықтары жойылды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Есепті кезеңде 512 аудиторлық іс-шаралар жүргізілді. Оның барысында 249 млрд теңге бюджет қаражаты аудитпен қамтылды. Нәтижесінде 91 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Тексеру барысында тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есеп бойынша көрсету жолымен 84 млрд теңгеге бұзушылықтар жойылды»,- деді ол.

Бірінші вице-премьердің айтуынша, аудит нысандарының қызметтерін жетілдіруге және тиімділігін арттыру үшін 470 ұсыныс берілді. Оның 361 орындалды.

«Жалпы сомасы 5 трлн 197 млрд теңгеге 881 мың мемлекеттік сатып алу процедуралары камералдық бақылаумен қамтылды. Нәтижесінде 250 млрд теңге сомасындағы бұзушылықтарға жол берілмеді», - деді Әлихан Смайылов.